Жаңалықтар

"Бір сен едің аңсаған таңым": Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Бір сен едің аңсаған таңым": Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Instagram желісінде жары, музыкант әрі дирижер Тасқын Оқаповпен бірге түскен сирек архивтік фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған алғашқы фотода ерлі-зайыптылардың неке қию сәті бейнеленген. Келіншек ақ түсті әсем көйлек киген болса, күйеу жігіт классикалық қара костюмде тұр. Ал екінші суретте Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов диванда қатар отырып, үй ішінің жылуы мен тыныштығын сездіреді.

Әнші бұл естеліктерді сағыныш пен махаббатқа толы ойларымен бөлісіп, жүрекжарды жазбамен сүйемелдеген.

Желі қолданушылары мен өнерсүйер қауым жарияланымға ерекше ықылас білдірді.

Пікір қалдырғандар "Ғажайып естеліктер", "Тасқын ағаның жаны жәннатта болсын", "Нағыз таза махаббат", "Ұлдарыңыз бақытты, ғұмырлы болсын", "Осындай екі ғашық жүректің тандемі бізге қаншама әсем әндер мен махаббатқа толы әуендер сыйлады" деп ізгі тілектерін жеткізді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz