Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күйеуінің қорлығынан көз жұмған тағы бір әйелдің туыстары әділдік іздеуде

Күйеуінің қорлығынан көз жұмған тағы бір әйелдің  туыстары әділдік іздеуде
Фото: әлеуметтік желі

Қарағандыда 28 жастағы Динара Мынбаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болуына байланысты оның туыстары істі қайта тергеуді сұрап отыр. Екі баланың анасы 2025 жылғы 3 шілдеде күйеуімен бірге тұрған пәтерден өлі күйінде табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бастапқыда болған оқиға суицид ретінде тіркелген. Кейін қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда Динараның жақындары бұл қорытындымен келіспейді. Олардың сөзінше, марқұмның өліміне қатысты күмән туғызатын бірқатар жайт бар.

Динараның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ерлі-зайыпты арасында жанжал болған. Сол кезде марқұм күйеуінің өзіне қол көтергенін айтып, полиция шақырған көрінеді. Алайда туыстары тәртіп сақшылары келген кезде Динараны арызға дене жарақатын емес, тек сөзбен қорлау фактісін енгізуге көндіргенін мәлімдеп отыр.

Ең соңғы сөйлескендердің бірі – Динараның анасы. Туыстарының айтуынша, марқұм сол түні анасына қоңырау шалып, күйеуінің өзін ұрып, тұншықтырғанын айтқан. Сондай-ақ балаларын алып, өзіне келуін өтінген.

Анасы Шымкенттен Қарағандыға жол жүруге дайындала бастаған. Алайда көп ұзамай Динара телефон қоңырауларына жауап бермей, онымен байланыс үзілген.

Марқұмның жақындары оның денесінен көгерген іздер көргендерін де айтып отыр. Бұған қоса, қайғылы оқиғадан кейін пәтердегі кілемнің жоғалып кеткенін алға тартады. Осы жайттардың барлығы отбасы мүшелерінің күдігін күшейткен.

Туыстары Динараны қасақана өлтіріп, кейін оның өлімін суицид ретінде көрсетуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Дегенмен бұл – марқұмның жақындарының нұсқасы ғана. Аталған болжам әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Енді Динараның отбасы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта қарап, қайғылы оқиғаға дейін болған жағдайларды жан-жақты тексеруді сұрап отыр. Сондай-ақ олар марқұмның шақыртуына барған полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруді талап етуде.

Динараның артында кішкентай екі ұлы қалды. Балалардың жасы үш және бір жарым жаста.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының марқұмның туыстары көтеріп отырған талаптарға қатысты ресми жауабы жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.