Атырау облысында қоғам назарын аудартқан қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі бұл тақырыпта алғаш рет пікір білдірді. "Qazaq Airan" тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына арнайы барып, күдіктінің әкесімен тілдесті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сұхбат барысында журналист Сұлтан Сәрсемәлиевтің әпкесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған мәліметтерді нақтылауды сұрады.
"Аға, сіздің қызыңыз, яғни Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген дейді. Не себеппен барды?" – деген журналистің сауалына Самиғолла Сәрсемәліұлы:
"Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Бала-шағасымен бірге алып кеткен. Қыдырамыз деген... Түркия арқылы кеткен сияқты. Сосын арғы жақта құжаттарын жоқ қып жіберген. Күйеу баламыз сол жақта қайтыс болған дейді. Қазір ол туралы әңгіме қозғамаймыз", – деп жауап берді.