Атырау облысында қоғам назарын аудартқан қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі алғаш рет жұрт алдына шығып, өз пікірін білдірді. Qazaq airan тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына арнайы барып, күдіктінің әкесімен сұхбаттасты, деп хабарлайды kznews.kz.
Күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы әлеуметтік желілер мен ақпарат алаңында ұлына қатысты айтылып жатқан айыптауларға көңілі толмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, соңғы уақытта қоғамда Сұлтанды кінәлайтын түрлі болжамдар мен пікірлер тым көбейіп кеткен.
"Қазір телефонды ашып қаслаңыз, стрелканың бәрін бір жаққа бұрып қойып, менің балама қатысты адамдардың айтпаған сөзі қалмады. "Күйеу баласы жасаған", анау-мынау деп жатыр. Шынымды айтсам, мұны Сұлтан жасайды деген үш ұйықтасам түсіме кірмейді. Ол жасамағанына 100% сенемін. "Қой бауыздау білмейтін кісі, соған дәті бармайтын адам мұндайға қалай барады?" деп ойлаймын. Бұл деген кәсіби маняктың жасайтың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру деген... Ол марқұмдарға өшпенді болатын көшедегі кісі емес, туған ата-енесі. Мысалы, қасында әйелі жүр. Осыдан кейін айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенесің? Оның үстіне, мен оның әкесі болсам. Тіпті төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ", – деп күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлының сөзін келтіреді Turkystan.kz басылымы.