«Ақылды протекционизм»: сарапшылар Бектенов үкіметінің отандық өндірісті қолдау саясатын бағалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Криштиану Роналдудың мыңдаған жанкүйері біреудің үйлену тойына кіріп кетті

Криштиану Роналдудың мыңдаған жанкүйері біреудің үйлену тойына кіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың жанкүйерлері біреудің үйлену тойына баса-көктеп кірді. "Іс-шараға" 2 мыңға жуық адам жиналған, деп хабарлайды kznews.kz.

Португалияның Мадейра аралында қызықты оқиға болды. Криштиану Роналдудың екі мыңнан астам жанкүйері футбол жұлдызы мен Джорджина Родригестің құпия неке қию рәсімі осында өтіп жатыр деген сеніммен кафедралды собор маңына жиналды.

Соборға қалыңдық отырған сұр түсті Rolls-Royce келгенде, жұрт көліктің ішінде Джорджина отыр деп ойлап, оны қоршап алды. Алайда көліктен мүлдем басқа әйел - Фатима Николь Кунья Тейшейра шықты.

Ол Фабио Рамосқа тұрмысқа шығып жатқан еді. Ерлі-зайыпты Мадейра тумасы болғанымен, Францияда тұрады және үйлену тойын туған жерінде өткізуді жөн көрген. БАҚ мәліметінше, рәсімге 2 мыңға жуық адам жиналған.

Еске сала кетейік, БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду 10 жыл бірге тұрғаннан кейін 8 тамызда қарым-қатынастарын заңдастырмақ болған. Алайда бұған ешқандай ресми растау болған жоқ.

Жұп 2016 жылы кездесе бастағандарын ресми түрде жариялады, ал 2025 жылы модель футболшымен сөз байласқаны туралы айтқан болатын.

Бірге өмір сүрген уақыт ішінде Криштиану мен Джорджинаның екі баласы дүниеге келді, жалпы бес бала тәрбиелеп отыр - үшеуі суррогат анадан туған.

Бұл ретте Джорджина Роналдудың серігі мен ана ғана емес, табысты модель. Оның Instagram парақшасына 77 миллион адам жазылған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.