Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Көз жасың аз төгілген жоқ": Нұрғали Нүсіпжанов қуанышты хабарды айтты

"Көз жасың аз төгілген жоқ": Нұрғали Нүсіпжанов қуанышты хабарды айтты
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов театр және кино актрисасы Гүлжамал Қазақбаеваны Халық әртісі атағын алуымен құттықтап, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер ардагері құттықтау сөзінде актрисаның қазақ театр және кино өнеріне қосқан зор үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Гүлжамал Қазақбаева шығармашылық жолында табанды еңбек етіп, өнердің биік шыңына адал еңбегімен жеткен.

"Халық әртісі атағың қайырлы, құтты болғай, қарындасым! "Бұтақ иілсе, әлсіз екен деме, жемісінің көптігінен иіледі. Адам иілсе, маған мұқтаж екен деме, тек сені құрметтегендіктен иіледі", – деген екен Мөңке би бабамыз… Өнердегі 70 жылымда менің амандығымды, ел-жұрт алдындағы абыройымды Алладан жүрекпен тілеген бір жан болса, ол – театр және кино актрисасы Гүлжамал Қазақбаева, дер едім… Кино әлеміне де, мәртебелі театр өнеріне де аяусыз тер төгіп келе жатқан аяулы жанды төбеме көтеріп қалай мақтасам да, қалай мақтансам да қақым бар…

Әділдік салтанат құрып, Халық әртісі атағын алғаныңа шын қуандым, қалқам. Табан ақы, маңдай теріңмен, адал еңбегіңмен өнердің өрін бағындырғаныңа жан-жүрегіммен қуандым, қарғам… Мемлекеттік ең жоғарғы марапатың қайырлы, құтты болсын, қарындасым! Сен 25 жасыңда жан жарыңнан айырылып, ұрпағыңа жетімдік көрсетпей жетілдірдің, жарығым. Көз жасың аз төгілген жоқ. Сол кезде қамқорлық көрсете алмағаныма қабырғам қайысады", – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Әнші актрисамен туған жері Жетісу өңірі арқылы байланысы бар екенін айтып, олардың бала кезден таныс екенін де жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер