KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қостанайда күдікті бес жасар баланы ұрып өлтірді

• Айжан Сыланова

Қостанай облысының Құсмұрын ауылында бес жасар бүлдіршін ауыр жарақаттардан көз жұмды. Қайғылы жағдай 26 қазанда болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаға байланысты Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні күдікті ұсталып, оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауында. Қылмыстық іс аясындағы өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →