KZNews.kz
Шоу-бизнес

Коронавирустың асқынған түрінің негізгі белгісі айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Ресейдің бас пульмонолог дәрігері Сергей Авдеев коронавирустың асқынған түрінің ең ауыр белгісін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Россия 1» арнасында айтылыпты. 

Дәрігердің сөзінше, COVID-19 инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарда ең алғаш жөтел мен дене қызуы емес, демікпе пайда болады екен. 

"Тыныс алудың қиындауы науқастың індеттің ауыр түріне шалдыққанын белгісі", - дейді ол. 

Авдеев мұндай жағдайда бірден жедел жәрдем шақырту керектігін айтады. 

Сырқатты асқындырып алмау үшін маман науқастарға аурудың белгілеріне аса мән берген жөн деп кеңес айтады. Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырғандардың көбі ауруды жеңіл түрде өткеретінін жеткізді. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3027 болды. 


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →