KZNews.kz
Шоу-бизнес

Коронавирусқа қарсы қолданылып жүрген дәрінің қауіпті әсері анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Қытайлық дәрігерлер тышқандарға жасалған тәжірибе барысында коронавирусты емдеуге қолданылып жүрген ремдесивир немесе GS-5734 препаратының ағзаның репродуктивті қызметін бұзатындығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы bioRxiv порталында жарияланды. 

Зерттеушілер 28 тышқанға тәжірибе жүргізген. Олар төрт топқа бөлініпті: бірінші топтағыларға дәрі мүлдем берлімесе, қалған үш топтағы тышқандардың денесіне ремдесивирді 50 мен 150 микрограмм мөлшерінде енгізіліп отырған. 

Бір апта өткеннен кейін дәрілік затты көп мөлшерде қолдану кеміргіштердің жыныс жасушаларына кері әсер ететіні байқалыпты. Препараттың енгізіген көлемі көп болған сайын оның ұрпақ тарату қызметіне деген жағымсыз ықпалы арта түскен. 

Ғалымдар дәрінің толық әсерін түсіну үшін тәжірибені жалғастыру керектігін айтыпты. 

Атап кетерлік жайт, ремдесивир 2015 жылы Эбола індетіне қарсы дайындалған. Бүгінгі күні аталмыш дәрімек коронавирусқа қарсы қолданылып жүр. 


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →