«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирусқа қарсы маймылдарға жасалған вакцина оң нәтиже көрсетті - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирусқа қарсы маймылдарға жасалған вакцина оң нәтиже көрсетті - Қазақстан жаңалықтары

Қытайлық дәрігерлердің коронавирусқа қарсы вакцинасының маймылдарға жасаған сынама нәтижелері сәтті аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы bioRxiv ғылыми кітапхананың сайтында жарияланды. 

Аталмыш вакцина ағзаның вирусқа қарсы антидене түзуіне алып келген. Маймылдар мен кеміргіштерге қойылған тәжірибе барысында вакцинациядан кейін олардың денесі вирустың 10 штамын жеңе алатын қабілетке ие болыпты. Препаратты дайындауға індетке шалдыққан, жағдайы жеңіл деңгейдегі науқастардың сынамалары қолданылыпты. 

Дәрінің ағзаға деген жағымды ықпалы бір-екі аптадан кейін байқалыпты. Екпенің мөлшерін көбейту арқылы маймылдардың инфекцияға төтеп беру қасиеті де артатыны аңғарылған. Тіпті, аздаған мөлшердегі препарат маймылдардың аурудан толығымен айығып шығуына алып келген. 

Ғалымдар жақын арада вакциананы адамдарға егіп, клиникалық сынамаларды бастауға болатынын айтыпты. 


stan.kz
Автор
Айбар