Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирусқа қарсы иммунитеттің пайда болу ерекшеліктері анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирусқа қарсы иммунитеттің пайда болу ерекшеліктері анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Берлиндегі Charite клиникасының вирусологы Кристиан Дростен коронавирустың жаңа түріне иммунитеттің пайда болу ерекшеліктерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, бұрын коронавирустың қандай да түрімен ауырған адамдарда COVID-19-ға қарсы иммунитеті болуы мүмкін. Оның айтуынша, Т-жасушалары жаңа коронавирусқа реактивтілігі үшін сынақтан өтті. Сондай-ақ ауруға шалдықпаған науқастар тексерілді. 

"Пациенттердің 34 пайызында реактивті Т жасушалары бар екендігі анықталды, бірақ олар SARS-CoV-2 жұқтырғандармен ешқашан байланысқа түспеген", - деді Дростен.

Вирусологтың айтуынша,  клиника зертханасындағы зерттеулер суық тиюге әкелетін бірқатар коронавирустардың COVID-19-бен "ұқсас жерлері" бар екенін көрсетті.  Сонымен қатар, олар "белгілі бір дәрежеде" жалпы суық тиюге әкелетін коронавирустарға да, SARS-CoV-2-ге де қарсы тұратын T жасушаларын ынталандырады.

Дростен, сондай-ақ, аурудың жиі көрінбейтін жағдайлары бар екеніне назар аударды, бұл халықтың кейбір бөлігінде коронавирустың басқа түрлерімен ауруы нәтижесінде туындаған иммунитеттің болуымен түсіндіріледі.


stan.kz
Автор
Данияр