5 трлн 41 млрд теңге: қолма-қол ақшаға сұраныс неге көбейді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Коронавирус" жұқтырған Рамзан Қадыров мұсылмандарға үндеу жолдады - Қазақстан жаңалықтары

"Коронавирус" жұқтырған Рамзан Қадыров мұсылмандарға үндеу жолдады - Қазақстан жаңалықтары

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram каналында мұсылмандарға арналған видеохабарлама жариялады. Грозныйдың әдемі көрінісінде ол бәрін Ораза мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Бұл ретте республика басшысының өзі кадрда жоқ.

Бұған дейін, 21 мамыр күні Қадыровтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тарай бастады. Оның Мәскеуде дәрігерлердің бақылауында екендігі болғаны анықталды. Дегенмен, Грозныйдағы «Ахмат» директоры Ахмед Айдамиров бұл ақпаратты жоққа шығарып, Шешенстанның басшысы сау екенін мәлімдеді.

Кейін Қадыровтың өкпесінің 70 пайызы зақымдалғаны туралы деректер пайда болды. Бұл ауру ауыр түрде өтеді.

Шешенстан басшысының баспасөз қызметі әлі күнге дейін оның денсаулығы туралы ресми түсініктеме берген жоқ, алайда, Қадыровтың Шешенстанда жұмысын жалғастырып, коронавирус жөніндегі жедел штабты жеке өзі қадағалайтынын мәлімдеген. Республика басшысының кеңесшісі Адам Делимханов өзінің Instagram-аккаунтында Қадыров командасының мүшелері ол үшін дұға етіп, кез-келген аурудан айығуды сұрайды деп жазды.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан