Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус Украинадан табылды - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирус Украинадан табылды - Қазақстан жаңалықтары

Украинада коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Киевте өткен брифингте Украинаның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко мәлімдеді. 

Коронавирусты жұқтырған адам жақында ауру табылған Италиядан еліне оралыпты. 

"Кеше мен төрт адам ауруға шалдығуы мүмкін деген күдікке ілінгендігі жайлы айтқан едім, бүгін оның біреуінің денесінен коронавирус табылды. Барлық сарапатама нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі. Десек те вирус Укаринадан табылып отыр. сол себепті біз науқас қарым-қатынасқа түскен адамдарды бақылауға алатын боламыз", - деп мәлімдеді Ляшко. 

Қазіргі таңда вирусты тап болғандардың саны 90 937-ге жетіп отыр. Сырқаттың кесірінен 3117 адам көз жұмыпты.

Бүгінгі күні Қытайда ең көп ауру жұқтырғандар тіркеліп отыр: олардың саны 80 мыңнан асады. Тағы 4812-і - Оңтүстік Кореяда, 2036-ы - Италияда, 1501-і Иранда. 


stan.kz
Автор
Данияр