“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус 5G-мен байланысты ма: министр жауап берді

Коронавирус 5G-мен байланысты ма: министр жауап берді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері туралы пікір білдірді.

Асқар Жұмағалиев Қазақстанда 5G құралы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өткенін атап өтті.

«Жабдықтар жұмысы интернетті өте жоғары жылдамдықта тарату мүмкіндігін көрсетті. Осы бағытқа бюджеттен қаржы ескерілмеген, себебі телекоммуникация желілерін дамыту байланыс операторлары қаржысы есебінен жүзеге асырылады», - деді министр.

Сондай-ақ, ол 5G-ден төнетін қауіпке қатысты өз ойын ашық айтты.

«Ұялы антенналардың адам денсаулығына әсеріне тоқталайын. Бір де бір антенна санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің рұқсатынсыз орнатылған жоқ. Әрбір базалық станцияға тиісті санитарлық паспорт беріледі. Тұрғын үйге ұялы антенна орнатылған кезде, ол арнайы талаптарға сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға қорқудың еш қажеті жоқ. Тиісті медициналық ұйымдар бұл мәселені бақылап отыр», - деді Асқар Жұмағалиев.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кең таралған қауесетті жоққа шығарды. Ұйымның мәліметінше, 5G мобильді желілері COVID-19 таралуына ықпал етпейді. 

Вирустар радио сигналдармен немесе ұялы телефон толқындары арқылы берілмейді. COVID-19 эпидемиясы 5G желілері қолданылмайтын көптеген елдерде таралды . COVID-19 пациенттің тыныс алу жолдарынан шыққан тамшылар сау адамның тыныс алу жолдарына, мысалы, жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде, ауа тамшыларымен беріледі. 

Nege.kz

Автор
Айбар