15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап видео жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұрәли Әлиев.
Instagram желісіне салынған видеоның сілтемесін Нұрәлі Әлиев Facebook парақшасында жариялады. Видеода Айсұлтан Назарбаев суреттері мен отбасылық фотолар жинақталған. Канадалық әнші The Weeknd-тің "Final Lullaby" ("Соңғы бесік жыры") әні ойнайды.
https://www.youtube.com/watch?v=URNXaevkjnE&feature=emb_title
Әлиев видео астына адамдардың барлығының баратын жері бір екенін жазды.
Айта кетейік, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.
Кейінірек Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның қазасына байланысты мәлімдеме жасады.
"Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз", - деп жазды Назарбаева.

Нұрәлі Әлиевтің әлеуметтік желідегі жазбасы