«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Конституция күніне орай ұйымдастырылған концертте жүзден астам бала жоғалып кеткен

Конституция күніне орай ұйымдастырылған концертте жүзден астам бала жоғалып кеткен

Атырауда Конституция күні мен мұнай компаниясының мерейтойына орай ұйымдастырылған концертте жүзден астам бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы Time.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бес сағаттық шоу қаланың басты алаңында өтті. Жергілікті тұрғындар отандық эстрада жұлдыздарының келуіне қуанышты болған. Алайда кейбір ата-аналар балалары туралы ұмытып кеткен сияқты.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, алаңға 15 мыңнан астам адам жиналды. Қала тұрғындары атап өткендей, концерт барысында ұялы байланыс тоқтап қалғадықтан ата-аналар жоғалған балаларын таба алмапты.

- Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында сағат 19.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істеді. Оларға балалардың жоғалғаны туралы 120-ға жуық өтініш келіп түсті, - деп хабарлады полиция департаментінен.

Бақытымызға орай, барлық балалар табылып, жақындарымен қауышқан.

Бірақ, қоғам белсендісі Әсия Құлжанованың айтуынша, концерт өте төмен деңгейде ұйымдастырылған.

- Егер бірдеңе ұйымдастырылса, онда сіз бәріне мұқият және жауапты болуыңыз керек. Әртістер тамаша, ал ұйымдастырылуы мен өткізілуі нөлге тең, - деп атап өтті “Красный полумесяц” қоғамының жергілікті филиалының көшбасшысы.

Фото: tengrinews.kz
Автор
Данияр