ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Конституция күшіне енген күні «Жаңа адамдар» Отырарды ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды

Конституция күшіне енген күні «Жаңа адамдар» Отырарды ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды
Фото: Жаңа адамдар баспасөз қызметі

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енген күніне орай «Жаңа адамдар» қозғалысы «Тарихи із» акциясын ұйымдастырып, ежелгі Отырар қалашығына танымдық экскурсия өткізді. Іс-шараға қозғалыс белсенділері мен балалар қатысып, Ұлы даланың ең ірі тарихи орталықтарының бірі саналатын Отырардың бай мұрасымен танысты.

Экскурсия барысында қатысушылар көне қаланың ғылым, мәдениет, сауда және мемлекеттіліктің қалыптасуына қосқан үлесі туралы мәлімет алды. Ұйымдастырушылар тарихи-мәдени мұраны сақтау Конституцияда бекітілген маңызды қоғамдық құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет» деген сөзі еске салынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Отырар – Қазақстанның ғана емес, күллі Ұлы даланың өркениеттік дамуына зор үлес қосқан тарихи орталықтардың бірі. Ғасырлар бойы мұнда халықаралық сауда жолдары тоғысып, ғылым, білім мен қолөнер дамыды. Алтын Орда дәуірінде қалыптасқан заң мен тәртіпке негізделген құндылықтар түрлі этнос пен мәдениетті бір арнаға тоғыстырған маңызды факторға айналды.

Акция соңында «Жаңа адамдар» қозғалысы археологиялық «Отырар» музей-қорығының басшылығымен бірлесіп, ЮНЕСКО-ның Бас директорына Отырар қалашығын Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мәселесін қарастыру туралы өтініш жолдады. Ұйым өкілдерінің пікірінше, тарихи мұраны сақтау тек өткенді дәріптеумен шектелмей, оны қорғауға бағытталған нақты қадамдар арқылы жүзеге асуы тиіс.

Қозғалыс өкілдері тарихи жадыны сақтау, мәдени мұраны қорғау және оны келер ұрпаққа жеткізу – Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.