Жаңа адамдар музыкалық лейблі Özim қыздар тобы орындайтын ÖZGERIS әніне түсірілген бейнебаянды таныстырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл шығарма өз дауысына құқығы бар адамның саналы таңдауы мен жеке шекарасы туралы толғау болды. Музыка мен көрнекі бейне арқылы өзгерістер адам үнсіздіктен бас тартып, өз қағидаларына сай өмір сүре бастаған сәттен басталатыны туралы идея айқын көрінеді.
Бейнебаян сюжеті ішкі таңдау, «жоқ» деп айта білу және өзін қорғау қабілеті төңірегінде өрбиді. Басты назар еркіндік пен қорқынышсыз шешім қабылдау құқығына аударылды, онда некеге мәжбүрлеу, «алып қашу» мәселесі де көтерілді. Бұл мәжбүрлеуді өзара құрмет пен еріктілікке негізделген шынайы дәстүрлерге қарсы қойған.
Қазақстанда 2024 жылы некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік енгізіліп, тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы заңнама күшейтілді. Сондай-ақ ІІМ құрамында әйелдерді қорғау бойынша арнайы бөлімше құрылған болатын.
Бұл клип мәдениет пен заңбұзушылықтың ара жігін ажыратып, саналы таңдауға назар аудартады.
ÖZGERIS – жеке жауапкершілік, еркіндік және адамның ішкі күші туралы жұмыс. Осы құндылықтар жеке тұлға деңгейінде де, қоғам деңгейінде де өзгерістердің бастауы болмақ.