Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа Конституция күшіне енді: Қазақстанда не өзгереді?

Жаңа Конституция күшіне енді: Қазақстанда не өзгереді?
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Елде мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіне көшу басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа Конституцияның күшіне енуімен бірге 1995 жылғы Конституция бойынша құрылған Парламенттің өкілеттігі тоқтатылды. Осылайша, ел жаңа Негізгі заңмен жаңа өмірге қадам басты.

Келесі кезеңде жаңа жоғары өкілді орган – Құрылтай жасақталады. Президент Конституция күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде сайлау күнін жариялауы тиіс. Ал сайлау екі ай ішінде өткізіледі.

Сондай-ақ осы кезеңде Жоғарғы соттың төрағасы, Ұлттық банк төрағасы, Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалады.

Кейбір жаңа мемлекеттік институттар кейінірек құрылады. Мәселен, Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін ғана вице-президент лауазымы енгізіледі. Ал Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылғаннан кейін екі ай ішінде Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата жасақталуы тиіс.

Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесімен қатар азаматтардың құқықтарына да өзгерістер енгізеді.

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы сақталады, алайда оның Конституциядағы тұжырымы өзгертіледі. Бұрын жиналыс, митинг, шеру, демонстрация және пикет өткізу құқықтары жеке-жеке көрсетілсе, енді олар жалпылама түрде беріледі.

Сондай-ақ сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне берілетін кепілдіктер сақталады. Сонымен бірге ақпарат тарату барысында басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамдық имандылықты бұзбау қажеттігі нақты көрсетілген.

Халықаралық шарттардың Қазақстан аумағында қолданылу тәртібі енді ұлттық заңнамамен айқындалады.

Шетелге шығу құқығына қатысты да өзгеріс енгізілді. Конституцияда бұл құқық заңда көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін екені белгіленген. Дегенмен Қазақстан азаматтарының елге қайтып оралу құқығы өзгеріссіз сақталады.

Сондай-ақ Конституцияда елдің жекелеген аумақтары үшін арнайы құқықтық режим енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай мәртебе алғаш рет Алатау қаласына беріледі. Бұл жекелеген өңірлердің экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі