KZNEWS.KZ
Қоғам

Кондиционер орнатып жатқан: Астанада жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Астанада кондиционер орнату кезінде биіктіктен құлаған жұмысшы кондиционердің кронштейніне ілініп қалған. Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман алып қалды, деп хабарлайды kznews.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде болған. 1990 жылы туған ер адам шамамен 50 метр биіктікте, яғни 15-қабат деңгейінде ілініп қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен жұмысшыға жетіп, оны жерге түсірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →