KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Концерттен кейін таяқ жейді”: Төреғали сахнада тағы да қызық жағдайға тап болды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда өткен жеке концертінде Төреғали Төреәлі күтпеген жағдайға тап болды. Әнші сахнада техникалық ақауға байланысты ренішін жасырмай, домбырасын шешіп, терме орындаудан бас тартқанын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің көңіл күйін бұзған — ұйымдастырушылардың дыбысты дұрыс реттей алмауы. Терме айтып тұрған сәтте микрофонның дыбысы «сынып» кетіп, ырғақ бұзылған. Бұл жағдай өнерпаздың ашуына тиген.

Сахнада Төреғали:

“Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім, бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді,”– деп әзіл мен шындықты араластыра отырып пікір білдірді.

Оқиғаға қатысты тараған видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі мұны шығармашылық адамға тән қалыпты мінез деп бағаласа, енді бірі Төреғалидың мұндай реакциясына көпшілік баяғыда үйреніп қалғанын атап өтті.

Желі қолданушыларының бірі:
“Ақын ғой, арқа-белі бар адам. Қазақтың намысы мен қаны бар жігіт қой, ештеңе етпес. Бірақ әдетін тастағаны дұрыс еді. Осы-ақ тырысады да жүреді,” – деп пікір білдірген.

Желідегі талқылауларға қарағанда, оқиға көрермен арасында түрлі көзқарас тудырған. Бірі әншінің эмоциясын түсінсе, бірі концерт тәртібінде сабыр сақтау маңызды екенін еске салады.

​​​​​​​

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары