Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген полицияның Massaget.kz-ке берген жауабында.

Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Қайназаров қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Massaget редакциясына журналист Тимур Нұғман растады.
"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деген еді журналист.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары