ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге алатындардың шеңбері кеңейтілді - Қазақстан жаңалықтары

Коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге алатындардың шеңбері кеңейтілді - Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында осы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің Telegram-арнасында жазды. Ол бойынша белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген: Атап айтқанда:

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.


stan.kz
Автор
Данияр