«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Комада жатыр: Жамбыл облысында төрт ай әскери борышын өтеген сарбаз мүгедек болып қалған

Комада жатыр: Жамбыл облысында төрт ай әскери борышын өтеген сарбаз мүгедек болып қалған

19 жастағы Ахметали Жәдігер небәрі төрт ай әскерде қызмет етіп, ауырып, комаға түскен. Қазір ол көрмейді, естімейді және қозғала алмайды. Баласының бұл жағдайға түсуіне анасы командирлерді кінәлайды. 

Қазір спортшы Алматының әскери госпиталінде емделуде. Анасы ұлын әскердегілердің жыл басынан бері қаншама ауруханаларға апарғанын жеткізді. Бұған дейін ұлы туыстарына қоңырау шалып, тамағы ауырып жүргенін айтып, емделе алмағанына шағымданған. Бір айдан кейін ол есінен танып, комаға түскен.

Алты ай ішінде сарбаздың көзіне, жүрегіне бірнеше ота жасалып, одан түрлі инфекция мен менингит сияқты аурулар анықталған.  Анасы ұлын осы уақыт аралығында кері қайтара алмай жүр.

Бір кездері дені сау спортпен айналысқан сарбаз қазір қызметке жарамсыз деп танылды. Командирлер сарбазды әскери дәрігерлер емдейтінін және олар одан бас тартпайынша қайтара алмайтынын жеткізген.

фото: orda.kz

Автор
Айбар