Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Көктем көрсетеді»: Жаңа министр «тасқынға дайынбыз ба» деген сұраққа жауап берді

«Көктем көрсетеді»: Жаңа министр «тасқынға дайынбыз ба» деген сұраққа жауап берді

Екі күн бұрын ғана төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған Шыңғыс Әрінов орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер одан "көктемгі су тасқынына дайынсыздар ма?" деп сұрады, деп хабарлайды Kznews.kz.



– Аталған жағдайды алдын ала зерттедім. Жыл соңында, желтоқсанда жаңбыр өте көп жауды. Қар болмады. Сол судың бәрі жерге сіңді. Бәлкім, біздің болжамымыз бойынша, шұғыл тасқын болуы мүмкін екенін болжап отырмыз. Ақпанның соңында оңтүстік өңірлерде, наурыздың басында солтүстік өңірлерде солай болуы мүмкін, – деп жауап берді Шыңғыс Әрінов.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
– Сөзбен емес, іспен шаруаны көрсетіп, бәрін практикада жасадық. Қазіргі таңда менің орынбасарым облыс әкімдерінің орынбасарларымен бірге сол оқу-жаттығулардың қорытындысын жасап жатыр. Тиісті жұмыс ары қарай жалғасады. Дайындық жұмыстары, әрекет ету алгоритмі бар. Сол себепті көктем көрсетеді, – дейді министр.

Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының айтуынша, алдын ала болжам бойынша, тасқын қаупі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Ұлытау облысы жатады. Тасқын қаупі орташа өңірлердің қатарына Жетісу, Жамбыл және Павлодар облысы енгізілген. Ал тасқын қаупі төмен өңірлер – Маңғыстау мен Қызыорда өңірі.
Автор
Данияр