Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетаудағы мектепке жарылғыш затты оқушы қойғаны анықталды

Көкшетаудағы мектепке жарылғыш затты оқушы қойғаны анықталды

Көкшетаудағы күні кеше ғана мектептердің бірінде табылған жарылғыш затты сол мектептің оқушысы жасағаны анықталды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қыздың мұндай қадамға баруына оның дәл сол мектепте оқығысы келмеуі себеп болған.

"Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке оның аталмыш оқу орнында оқуды қаламауы себеп болған", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға қатысты тексеру жұмыстары жалғасады. Ювеналды полиция қызметкерлері қызды профилактикалық есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Көкшетаудағы 2 мектеп-лицейде 24 мамыр күні кешке күдікті құрылғы – сым тартылған қалбыр табылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мен полиция өкілдері құрылғы залалсыздандырды.

Автор
Айбар