Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда түнгі клубтағы қыздар төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда түнгі клубтағы қыздар төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда түнгі клубта төбелесіп қалған екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Би алаңын бөліспей қалған екі қыз жұдырықтасып кеткен еді. Оларды ер адамдар да ажырата алмаған көрінеді. Салдарынан бір қыз ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, би кезінде біреуі абайсызда екіншісіне иығын тигізіп алған. Соған сөзге келіп, соңы төбелеске ұласып, шаштарынан жұлысқан.

Салдарынан 27 жастағы жәбірленушінің басы мен ішіне зақым келген. Полиция 30 жастағы әйелді іздестірді.

Төбелесіп қалғандардың бірі – сот орындаушысының көмекшісі, ал екіншісі халыққа қызмет көрсететін мекемеде жұмыс істейді деген ақпарат бар.

“31 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны дене жарақатын келтірген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полицияя департаментінің өкілі Гүлнәр Пинчук.

Бұған дейін Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар арасында төбелес болғаны айтылды.

Автор
Данияр