"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды - Қазақстан жаңалықтары

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін өңір басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Амангелді Смаилов қала әкімі атанды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімдері бойынша Ақмола облысы әкімінің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Амангелді Халауденұлы Смаилов қала әкімі болып тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Амангелді Халауденұлы, 1962 жылы туған, Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір автомобил жолы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шебері болып бастаған.

1993-2011 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты, «Реал НГП» ЖШС директоры, «СК Ауыл Газ» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы «ENKI» ЖШС директоры болып істеді. 

2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып істеді.

2018 жылдың қарашасынан бері - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары.
 


stan.kz
Автор
Бауыржан