Le Monde: АҚШ пен Иран арасындағы жаңа дипломатиялық кезең басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда 25 жастағы жігіт баламен кездесу үшін пәтер жалдаған

Көкшетауда 25 жастағы жігіт баламен кездесу үшін пәтер жалдаған

Көкшетауда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері кәмелетке толмаған қызбен кездесуге әрекеттенді деген күдікке ілінген ер адамды анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұйымның мәліметінше, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін тексеру мақсатында белсенділер 12 жастағы қыздың жалған парақшасын ашқан.

Көп ұзамай Көкшетауда әлеуметтік желі қолданушыларының бірі хат жазып, әңгімені орынсыз арнаға бұрған. Баланың жасы бірнеше рет айтылғанына қарамастан, ол байланысын жалғастырған.

«Әлеуетті педофил жыныстық сипаттағы материалдарды және өзінің интимдік суреттерін жіберіп, қызды да сондай әрекет жасауға итермелеуге тырысқан. Кейін кәмелетке толмаған баламен кездесуді жоспарлап, пәтер жалдаған», – делінген хабарламада.

Белгіленген орынға баланың орнына «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері барған. Олардың айтуынша, күдікті ретінде 2001 жылы туған Шансанхан Бейбарыс анықталған.

«Баланың сенімін пайдалануға тырысатын адамдар олардың әрекеті қоғам назарынан тыс қалмайтынын түсінуі керек», – деді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Жаннұр Бектұрғанова.

Ұйым өкілдері жиналған барлық материалдар құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына тапсырылғанын мәлімдеді.

«124 Азаматтық науқаны ел бойынша әлеуетті қауіптерді анықтап, қоғам назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудару жұмысын жалғастырады. Баланы қорғау ересектердің қырағылығынан, цифрлық ортадағы қауіптер туралы ашық әңгімеден және алаңдатарлық белгілерге бірден әрекет етуден басталады», – деді Жаннұр Бектұрғанова.

Айта кетейік, тергеу нәтижелері бойынша ғана азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.