Зеленский Ақ үйде Ресеймен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

Көкшетауда 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Көкшетауда ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде 18 жастағы жігітті ток соғып, көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 шілдеде Көкшетауда 2008 жылы туған жігіттің электр тогы соғуы салдарынан қаза тапқаны белгілі болды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Тәшенов көшесіндегі ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде металл профиль электр беру желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан жас жігіт өте ауыр электр жарақатын алды. Оның жанында болған кәмелетке толмаған жасөспірім де электр жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу нәтижесі бойынша қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда, кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді полиция.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екінші зардап шеккен жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Науқастың жағдайы тұрақты. Өміріне тікелей қауіп жоқ. Ол бірнеше сағат жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр", – деді дәрігерлер.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.