Көкшетауда салынып жатқан нысанда 19 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанда болған. 2007 жылы туған жас жігіт биіктіктен құлап, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Ақмола облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Сондай-ақ қайғылы жағдайға қандай себептер әсер еткені және құрылыс нысанындағы қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағаны тексерілуде.