Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші кешірім сұрады

Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші кешірім сұрады


Көбейтұз көліне жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен кіріп кеткен азамат кешірім сұрады.


Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Тәртіп бұзған азамат  Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен кетіп бара жатқан. Жол-жөнекей  қызғылт көлге соға кетуді ойлаған екен.

"Әрине, мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге көлігіммен кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаяу жүріп те бара алатын едім, бірақ солай болды. Әлеуметтік желілерде тез таралып, талқылау түскені үшін кешірім сұраймын. Шын сөзім, 40 жасқа келгенде мұндай қылық көрсетем деп өзім де ойламадым" - деп өз ісін түсіндірді жүргізуші.




stan.kz


Автор
Айбар