Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ким Чен Ын АҚШ-пен әскери қақтығысқа толық дайын екенін мәлімдеді

Ким Чен Ын АҚШ-пен әскери қақтығысқа толық дайын екенін мәлімдеді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде елдің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея әскері КХДР-ға шабуыл жасаса, әскердің "көзін жоятынын" айтты.

"Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен әскери қақтығыс жасау туралы ойласа және әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы бейтараптандыруға немесе жоя алатынына сенсе, олар қателеседі", - деді Ким Чен Ын.
Автор
Айбар