Елімізге белгілі блогер Әлішер Елікбаев өзі ұшқан рейсте Дариға Назарбаеваны көргенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
“Мен оны қарапайым рейспен ұшпайтын шығар деп ойладым. Ұшқан бойда ұйқыға кеттім, оянсам жанымдағы көрші креслода Дариға Нұрсұлтанқызы отырған екен. Жанында оққағары бар, бойы менімен бірдей, бірақ денесі екі есе дәу” деп жазды Әлішер Елікбаев өзінің телеграм арнасында.
Постқа пікір жазғандар мұның кезекті пиар қойылым екенін айтуда. Қандай рейс деген сұраққа автор “Астана-Алматы” рейсі деп жауап берді.