Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Кездесуге үлгермей қалдым": Алматылық жеткіншек Тоқаевқа өз қолымен жасаған сыйлығын тарту етті (видео)

"Кездесуге үлгермей қалдым": Алматылық жеткіншек Тоқаевқа өз қолымен жасаған сыйлығын тарту етті (видео)

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


“Мен кездесуге үлгермей қалдым. Ол кезде дәретханаға кеткен едім”, - деді жеткіншек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Prometheus school мектебіне барған болатын.Президентпен кездесуге кешігіп қалған 3-сынып оқушысы Сәлім Көпеев өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйға тартты. Ол органайзерді әкесімен бірге жасағанын айтты.

"Әдетте партаның үстінде оқушыға арналған заттар шашылып жатады. Сондықтан да әкем екеуміз осындай органайзерді құрастырдық", - деді Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев.

Мемлекет басшысы оқушыға сыйлығы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

"Әкеңе сәлем айт. Ол жақсы жұмыс істепті",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Айбар