Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды: вице-министр болжамын айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Айгүл Иманбаева күйеуі туралы ел естімеген жайтты айтты

Әнші Айгүл Иманбаева күйеуі туралы ел естімеген жайтты айтты
ашық дереккөзден

Әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында екінші күйеуімен қалай танысқаны туралы шынайы әңгімесін бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің айтуынша, өмірдің екінші кезеңінде біреуге қайта сену оңай болмаған.

"Мені кездесуге шақырды. Ұлым мен келінім жанымда екенін айттым. Үшеуің де келіңдер деді. Сол кезде маған деген көңілін ұлым мен келінім байқаған. Кейін екеуміз бөлек шай ішуге кеттік. Сол жерде өзінің 6 жыл бұрын ажырасқанын, студент қызы барын айтты. Мен де өзімнің қола дәуірінде ажырасқанмды айттым. Кейіннен арақашықтықтағы махаббатқа қалай қарайтынымды айтты. Дұрыс қараймын деп құлақтан тебе салдым", – деді ол. 

Әнші сондай-ақ бұл шешіміне рухани тұрғыда да мән бергенін жеткізді.

"Кейін телефонмен сөйлесіп жүрдік. Маған сөз салды. Не деп жауап берерімді білмедім. Ұлыма айтып едім, өресі биік адам екені көрініп тұр, одан басқа қандай еркекті іздеп жүрсің деді. Анама айтуға қорықтым. Иә, деп бірден келісе алмадым. Аузы күйген үрлеп ішеді. Немере күтіп жүрген әже, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде қателесуге ұялдым. Содан таң намазында Алладан белгі сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде ақын Құрманай саусағыма неке жүзігін тақты. Бұл - белгі, ол менің адамым дедім", – деп барлығын баяндап берді. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер