"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"300-ге жуық оқытылған сурет таптық": Айгүл Иманбаева елең еткізген құпия жайттарды айтты (ВИДЕО)

"300-ге жуық оқытылған сурет таптық": Айгүл Иманбаева елең еткізген құпия жайттарды айтты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында басынан өткен күтпеген жайттар туралы айтып, елді елең еткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесінің сөзінше, белгісіз адамдар тарапынан өздеріне зиян келтіруге бағытталған әрекеттер болуы мүмкін деген күдік туған.

«Кафедегі әйелдер дәретханасында кішкентай есік бар екен, ол өздігінен ашылып тұрады. Соны тексеріп көргенімде ішінен қоқыс емес, оралған қағаздарды таптым. Қарасам, онда ұлым екеуміздің суреттеріміз бар. Кей жерлеріне ине қадаған. Асқазан, жүрек, қуық тұстарына дейін белгі қойған. Мұндайды бұрын тек кинодан көретінмін», – дейді ол.

Айгүл Иманбаева кейін тексеру барысында басқа да күмәнді заттар табылғанын айтты. Оның сөзінше, айнаның арты мен түрлі жасырын жерлерден жүздеген сурет, ине, түйреуіш, топырақ сияқты заттар шыққан.

«Жұмыс та жүрмей қалды, бәрі кері кетті», – деп қосты әнші.

Жазба желіде кең тарап, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер