Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Керемет жұп": Бірге ән салған Ерке Есмахан мен Әміре желіні жарды (видео)

"Керемет жұп": Бірге ән салған Ерке Есмахан мен Әміре желіні жарды (видео)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Ерке Есмахан мен Әміре бірге дуэт болып, су жаңа әндерін халыққа ұсынды. Махаббат жайлы әсерлі өлең тыңдармандардың ыстық ықыласын бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Әміренің бірге шырқаған әні Youtube желісінде жарияланып, аздаған уақыт ішінде 2 миллионнан астам қаралым жинады. Қос әншінің туындысы қалың көпшіліктің көңілінен бірен шығып, сансыз пікірлерге ие болған. Әртістердің әнді аса әсерлі орындағаны соншалық, кейбір желі қолданушылары тіпті жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжады. "Керемет туынды", "Нағыз махаббат жыры", "Өте әсерлі ән екен", "Қалай орындап шықтыңыздар. Тіпті араларыңызда шынымен сезім бар ма деп қалдым", "Керемет ән, жарасымды жұп", "Екеуі соңғы кезде көп жерде бірге жүр. Кездесіп жүрген жоқ па осы?", "Мұндай ән көптен бері шықпай кетіп еді. Нағыз хит", "Дауыстарың сондай үйлесімді, құлаққа жағымды. Тыңдай бергің келеді", - деп жазуда халық.

https://www.youtube.com/watch?v=tnCNyYYXHtQ

Автор
Нұрсұлтан