KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Кеңсайдағы жер қазуымен 350 мың, көлік 85, морг 25 мың теңге: Танымал тележүргізуші ауыр кезеңде жерлеу рәсімінің қымбаттығына назар аударды

• Айбар
Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт жерлеу рәсіміне кететін шығынның көптігін айтты.

Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.


"Кеңсайдағы жерің қазуымен бірге 350 000 теңге (миллионға басын тұрғызуды айтпай-ақ қояйын), ол жерге жеткізетін ритуальный көлігің 85000, моргің 25000 ₸;


Ақшаң бар ма, жоқ па, ешкімге қызық емес.

Бірнеше ай жұмыссыз отырған, дәріге ақша таппай жүргенде жақыны өлген ел қалай жерлерін білмей моргтың алдында сансырап жүр...


"Күніне 20-25 көр қазып жатырмыз" дейді кеңсайдағылар. Егер 5-10 теңге жинаған ақшаңыз болса, ұстап отырыңыз. "На черный день" керек болады" деуші еді ғой баяғыда, міне, сол күн жетті..."

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →