Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты
Фотоиллюстрация: Kznews

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық одаққа (ЕО) шикі мұнай жеткізетін ірі елдердің арасында екінші орынға көтерілді. Бұл туралы ЕО Кеңесінің деректерінде айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Қазақстан Еуропа нарығына 55,8 млн тонна мұнай экспорттаған. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз тек АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Америка Құрама Штаттары ЕО-ға 63,5 млн тонна мұнай жеткізген.

Ал бұған дейінгі негізгі жеткізушілердің бірі саналатын Норвегия үшінші орынға сырғып, 55,7 млн тонна көлемінде экспорт жасаған. Осылайша Қазақстан Норвегияны небәрі 100 мың тонна айырмашылықпен артта қалдырды.

ЕО Кеңесінің мәліметінше, 2025 жылы АҚШ, Қазақстан және Норвегия Еуроодақтың мұнай импорты бойынша басты серіктестері атанды. Қазақстанның үлесіне ЕО-ға жеткізілетін жалпы мұнай көлемінің 12 пайызы тиесілі.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың зардабы, сонымен қатар Ресей территориясы арқылы мұнаймыз қанша қиындықпен тасымалданатынына қарамастан Қазақстан қара алтыны ЕОға үзбей жеткізіліп тұрды. Бұл әлбетте Тоқаевтың көпвекторлы саясатының жемісі десек те қателеспейміз. 

Ал мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына қосымша күш беретіні анық. Алайда сарапшылар бағаның тұрақсыз секіріп құлауы кейін залалын тигізу мүмкін деп те айтады. Сондықтан Қазақстан билігі барлық сценариге сақадай сай болғаны абзал.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Еуропалық одақ шамамен 435 млн тонна шикі мұнай импорттап, оған 212 млрд еуродан астам қаражат жұмсаған. Бұл көрсеткіш ЕО-ның сыртқы жеткізілімдерге тәуелділігі әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ Ресейдің ЕО мұнай импортындағы үлесі айтарлықтай қысқарған. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 25,8 пайызды құраса, 2025 жылы 2,2 пайызға дейін төмендеген.

Сарапшылардың пікірінше, бос қалған нарық үлесін Еуропа негізінен АҚШ, Норвегия және Қазақстан есебінен толықтырған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.