АҚШ Ормуз бұғазында Иран порттарына кіріп-шығатын кемелерге қатысты блокада енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, шектеу Астана уақыты бойынша 13 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.
Осы жағдай аясында мұнай бағасы қайтадан күрт өсіп, 100 доллардан асты. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 102 долларға дейін қымбаттап, шамамен 8 пайызға өскен.
Ал Ұлыбритания билігі аталған блокадаға қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы британдық жетекші басылымдар хабарлады.
Сонымен қатар Израиль әскері Иранмен арадағы қақтығыстың қайта өршу ықтималдығына байланысты дайындық жүргізіп жатқаны белгілі болды.