Продюсер Гүлнұр Мамасарипова танымал отандық телехикая "Келінжандағы" гонорары ең жоғары актерді атады. Ол бұл жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
"Ең қымбат актриса, Лейла апай (Лейло Бекназар - Ханинга - ред.). Мен ақшасын айтып отырмын. Ол кісі арзан актер болмауы керек деп ойлаймын. Сөйлеп қалатын актриса ол - Дариға (Бадықова - ред.). Телехикаяға түскен актер мен актрисалардың жалқауы жоқ. Мен жалқау актер ұстамаймын. Ұмытшағы, Сара (Амангелді - ред.) мен Дәулет (Өсербай - ред.)", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Келінжан" телехикаясының актерлері қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.