KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Келінім таңғы асты кешкі 5-те береді” - Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Актер Нұржан Төлендиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында отбасындағы қызықты әдеттері туралы айтып, желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, келіні Нұрулмен бір шаңырақ астында тұрады. Алайда олардың үйінде таңертең міндетті түрде тұрып, сәлем салу дәстүрі қатаң сақтала бермейді.

«Мен түнде кеш жатамын, күндіз ұйықтаймын. Ұйқыдан тұрсам, сағат шамамен 17:00 болады. Сол кезде келінім маған "таңғы ас" береді», — деді ол.

Сонымен қатар актер әулетінде сәлем салудың WhatsApp арқылы да жалғасатынын әзілмен айтып, сұхбатты көтеріңкі көңіл-күйде түйіндеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →