Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері Қызылорда мен Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын жүреді.
«Қазгидромет» РМК мәліметтерінше 30 желтоқсан мен 1 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады.
Сондай-ақ 30 желтоқсанда елордада жаяу бұрқасын күтіледі. Ал Ақмола облысында 30-31 желтоқсанда кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман түсіп, көктайғақ болады.Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.