Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өзіне жарақат салған студент қыз медициналық көмекті өзі шақырған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы университет әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Университет өкілдерінің мәліметінше, студент жедел жәрдем шақырып, медициналық көмекке жүгінген. Алайда дәрігерлік құпияға байланысты аурухана оқу орнына оның денсаулығына қатысты толық мәлімет бермеген. Қазіргі уақытта университет әкімшілігі қыздың ата-анасымен байланыста. Олардың айтуынша, студенттің жағдайы тұрақты.
Бұл қараша айында ҚазҰУ студенттеріне қатысты тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес. Осы айда университеттің екі студенті қайтыс болған еді.