Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 23 қарашада Қуаныш Омарбековпен бірге өзге де адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілердің "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы болуы мүмкін.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында пара беруге қатысты жауапкершілікті көздейді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланбайтынын мәлімдеді.