KZNEWS.KZ
Мәдениет

Қазақстанның Халық әртісі, композитор Бақир Баяхунов өмірден өтті

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхуновтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты.

Ұлағатты ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қырық жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.

Бақир Яхияұлының бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →