Атырау тұрғыны қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.
"Осы дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ақпаратта.
Олар балаларының мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет.
Еске салсақ, осыған дейін TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қазақстандық стример жауапқа тартылғанын жазғанбыз.