Қазақстанда Маңғыстау облысында әскери қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz
Бұл шешім Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қабылданды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін бұған дейін Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылған болатын.
Жалпыұлттық аза тұту күні елімізде қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына тағзым етіліп, олардың отбасы мен жақындарына көңіл айтылады.