«Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауында бас жүлдені алматылық 20 жастағы Асылым Өтепберген иеленді. Тікелей эфир барысында оған 17 164 көрермен дауыс берген, деп хабарлайды kznews.kz.
Биылғы жеңімпаз Асылым Өтепберген – Алматы қаласының тумасы. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алады. 20 жастағы ару әлеуметтік желіде де белсенді. Instagram парақшасына 30 мыңнан астам адам жазылған.
Осылайша, көрермендердің дауыс беру нәтижесінде биылғы «Қазақ аруы» атағы Асылым Өтепбергенге табысталды.